Прадо автокөлігімді 2018 жылдан бері тек Орал Тойота орталығында ғана техникалық қызмет көрсетуден өкіземін. Сервис бөліміне сын жоқ өз қызметтерін тиянақты аса үлкен жауапкершілікпен атқарады..... Бірақ ерекше айта кетейін дегенім, қосалқы бөлшектер сату бөлімінің меңгерушісі Ерік Серікұлына бір тәнті болғаным таза ҚАЗАҚ тілінде кәсіби және мәдени түрде өз ойын ашық жеткізе білді. Автокөлігімде туындаған ақаудың пайда болу себебін және де сол ақауды жөндеудің ең тиімді шешімін, қажетті қосалқы бөлшектерді қол жетімді бағамен әп сәтте ғана тауып берді! Ерік сияқты кәсіби шебер мамандар көп болса екен, отырған лауазымына лайықты деп білемін.