Бүгін Астанадағы Уәлиханов көшесі мен Абай көшесіндегі сауда орталықтарыңызға бардым. Онда Смол сауда орталығы орналасқан төменгі қабатта сауда жасадым. Сол жерде көпшілік сауда жасап жатқандардың арасында елдің арасында маскасыз жүргендерді көріп охраникке ескерттім, маскасыз неге кіреді адамдар деп. Олар есік алдында біздің шаруамыз жоқ Жаннұрдың админдері жауапты, біз өзіміз маскадамыз деді. Сол жерде шет ел азаматы тіпті мазақ етіп не істейсің маскамен жүрмеймін, қайда барсаң сонда бар деп мазақ етіп күліп тұр. Мен админнен адам шақырыңыз дедім, ешкім келмеді, он минуттай уақыт әлігі шет елдік мазақтап мәз болып тұр. Сонда ойлаймын егер сауда орталыққа бір корона вирусты біреу келсе сіздердің орталық жабылмайды ма? Осындай санасыздар жүрген бейқам охраниктеріңіз барда ертең өздеріңіз босына күймейсіз бе? Ондай адам шоғырланған жерде сіздердің сақтық шараларыңыз қайда. Мен анау шетелдік азаматты видиоға түсірдім ол мені қорқытпақ болды, мен бәрі бір түсірдім. Дүйсембі күні акимге саламын.